Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда трансгендерлер төбелес ұйымдастырды

Нұр-Сұлтандағы сауда үйінің жанында төбелес болды. Трансгендерлердің қатысуымен болған төбелестің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Видеоның авторы қақтығысты ұйымдастырушылардың бірі, қара көйлек киген трансгендер қыз қоғамдық жерде бойжеткеннің бетіне газ құтысын шашқан деп мәлімдеді.

"Сіздің қоғамдық орында газ құтысын шашуға қандай құқығыңыз бар?", - деп айқайлады видео авторы. 

Трансгендер "қыз" видеода "Мен трансгендермін, жынысымды өзгерттім"деп мәлімдейді.

Нұр-Сұлтан полициясы барлық қатысушылар бөлімшеге жеткізілгенін атап өтті.

"16 мамырда "102" арнасына "Астаналық" сауда үйінің жанында жастар арасында жанжал болып жатқандығы туралы хабарлама келді. Оқиғаға қатысушылардың барлығы ұсталып, "Байқоңыр" аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Әкімшілік іс қозғалды", - деп нақтылады департамент.


"Қазақ әйелдерінің атына кір келтірді": Әйелдер шеруінің қазақ қоғамында қандай маңызы бар?

Талқылау