Нұр-Сұлтанда 250-ден астам адамды арбаған қаржы пирамидасының басшылары жауапқа тартылды
Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа №2 аудандық сотында қаржы пирамидасының екі басшысына қатысты іс жүргізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сурет: Inbusiness
Заңсыз құрылған қаржы компаниясы “Profitbox” тұрғын үй бағдарламасы негізінде 259 адамды тартып, 1 миллиард 642 миллион теңге жымқырған.
Сот барысында алаяқтардың қылмысы толықтай дәлелденіп, оларға “Топпен қаржылық пирамида құру” ҚК 217 бабының 3 тармағы, “Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу” ҚК 214 бабының 2 бөлігі 2 тармағы бойынша бес және алты жылға бас бостандығынан айыру және жеті жыл коммерциялық және коммерциялық емес мекемелерде жұмыс істеуге 5 жылға шектеу жазасы тағайындалды. Іс заңды күшіне енген.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған