128 жолаушыны аман қондырды: Нұр-Сұлтанда "Эйр Астана" ұшағы әуежайға қайта оралды
16 қыркүйекте Нұр-Сұлтан-Пекин бағытында KC 227 ұшағымен ұшатын Aibus A321neo техникалық себептерге байланысты әуежайға оралды.

"Эйр Астана" Airbus A321neo әуелайнеріне қатысты жағдайға түсініктеме берді.
Ұшудан кейін дабыл іске қосылды, қозғалтқыштың жұмыс параметрлерін көрсету жүйесіндегі ақаулық туралы хабарлады. Қауіпсіздік нұсқауларына сәйкес экипаж ақауды жою үшін әуежайға оралуға шешім қабылдады. Қону қалыпты болды.
128 жолаушы сапарды басқа әуе кемесімен жергілікті уақыт бойынша сағат 4.00-де жалғастырды.
"Авиакомпания жағдайды нақтылау үшін авиациялық өндірушілерге ресми сұрау жіберді. Қауіпсіздік - біздің басты міндетіміз", - делінген хабарламада.
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”