Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда 10 жасар бала аязды күні суға батқан досын құтқарып қалды

Қақаған қаңтар айында он жастағы Ильдар суға батқан өзінің құрдасын құтқарып қалды. Кішкентай баланың ерлігі ересектерге де үлгі боларлықтай. 

Нұр-Сұлтанда 10 жасар бала аязды күні суға батқан досын құтқарып қалды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ильдар суда жүзу дайындығынан қайтып келе жатқанда ол көпір астында құрдасының суға батып бара жатқанын көреді. 

"Мен оған қарадым да айттым, әрі қарай барма, аяғың тайып кетсе, суға құлайсың дедім. Бірақ ол мені тыңдаған жоқ. Осылайша суға түсіп  кетті. Менің ойымда оны құтқару керек деген мақсат болды. Басқа ешнәрсе ойламадым", - дейді Ильдар Бейсекеев.

Екі бала да құрдас. Суда жүзуді үйреніп жүргенінен 3 жарым жылдан асты. Алайда суға батқан Дадир суға батқан соң бұл секцияға келуден бас тартқан. Ал, Ильдар әлі де дайындалып жүр. 

"Ильдар үлкендер жасай алмайтын ерлік жасады. Ересектердің өзі абдырап не істерін білмей немесе өзгелерді көмекке шақыруы мүмкін. Ал, Ильдар бірден көмекке ұмтылған", - деді бапкері Әділхан Сқақов. 

Баланы құтқаруға аздаған секундтар ғана қажет еді. Оқушы уақыт жоғалтпай дереу көмекке ұмтылған. 

Ильдар болашақта кәсіби спортшы болғысы келеді. Ал, қазір жай ғана өзінің досын көргісі келіп жүр. 

 

 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Скотч байлап қойған": Bek Air компаниясына қатысты сұмдық ақпараттар жария болды

Ең басты туындайтын сауал – осыншама қателік бола тұра, ұшу сертификаты қалай берілген?

"Басы ісіп, көздері шарасынан шығып кетейін деп тұрды": Сарыағашта 9 жасар бала соқырішекке жасалған отадан көзі көрмей, тілсіз қалған

Бас дәрігердің орынбасары кінә әріптестерінен екенін жасырмайды

Елімізде кинотеатрлар қатары артып, алыс аудандарда де кино көрсететін орындар ашылуы мүмкін

Еліміз бен әлемдік прокатқа шыққан туындыларды шалғай елдімекен тұрғындарының тамашалауына мүмкіндік тумақ

СІМ қазақстандық кәсіпкердің Испанияда қайтыс болу себебі түсіндірді

Марқұмның денесі екі-үш күнде жеткізіледі

Денсаулық сақтау министрлігі қытайлық вирустың Қазақстанда тарағаны туралы хабарламаған жауап берді

Департамент біздің елде мұндай инфекцияның тіркелмегенін атап өтті

Алматы облысында қыз алып қашқан 4 жігіт сотта жауап берді

Жастарға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді

Үкімет тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинақтарының мөлшерін қайта есептейді

Президент жұмыс тобының ұсыныстарын қабылдады

Қытайдың Ухань қаласында қалған қазақстандық студенттерді елге эвакуацияламайды

230 студенттің жартысы Қазақстанға келіп үлгерді

Скляр: Bek Air жолаушылардың ақшасын қайтаруы тиіс

Роман Скляр: Мүлкін сата ма, басқа істей ме, ақша қайтарылу керек

Ер адам зираттан кездейсоқ өз қабірін тауып алды

Хэттель құлпытасты оның ескерусіз салынғанын айтты
Çàãðóçêà...