Нұр-Cұлтан тұрғындарын үйлердің біріне қойылған бомба туралы видео шошытты
Нұр-Cұлтан тұрғындарын көппәтерлі үйлердің бірінде жарылғыш зат салынғаны туралы хабар алаңдатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Тамыз" тұрғын үй кешеніндегі бір кіреберістің тұрғындары эвакуацияланды.
Оқиға орнында түсірілген видео мессенджерлерде таралды.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті хабарлауынша, 16 қаңтар күні сағат 22.03-те 102-арнаға тұрғын үй кешенінің бірінде бомба қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері келген соң 60-қа жуық адам эвакуацияланды, жарылғыш зат табылған жоқ.
"Күдікті ұсталды. Сараптама нәтижесі бойынша ол мас болғаны анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру жүргізілуде",-деді ПД баспасөз қызметі.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"