Нұр-Сұлтан маңында жиырма шақты жылқыны жүк поезды қағып кеткен
Нұр-Сұлтан маңында қараңғыда байқамаған поезд машинисті жиырма шақты жылқыны қағып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 18 наурыз күні сағат 03:00 шамасында Нұр-Сұлтаннан 60 шақырым жердегі Еркеншілік-Сарыоба учаскесінде болған. Қараңғыда жүк пойызының машинисті теміржолдағы жануарларды бірден байқамай 20 жылқыны соғып кеткен.
Тексеру барысында полицейлер түнде жылқыларды қараусыз қалдырғаны үшін 44 жастағы бақташыны жауапқа тартты.
Оның үстінен теміржол учаскесінде мал жаю фактісі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Және кінәлі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты