Нұр-Сұлтан қаласына жаңа әкім тағайындалды
Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Көлгінов Алтай Сейдірұлы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалсын», - делінеді жарлықта.
Бұған дейін елорда әкімі Бақыт Сұлтанов болған еді.
Алтай Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген. Бұған дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі болған.
Түрлі жылдары Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызметтер агенттігі мен Бас прокуратурада жұмыс істеген. «Алаш Медиа Групп» ЖШС бас директорының орынбасары болған.
2010-2012 жылдары Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыстар бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған. БҚО әкімінің орынбасары, Орал қаласының әкімі болған.
"Болашақ" бағдарламасының түлегі: Нұр-Сұлтанның жаңа әкімі туралы не білеміз
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар