Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Болашақ" бағдарламасының түлегі: Нұр-Сұлтанның жаңа әкімі туралы не білеміз

Бүгін, 13 маусым күні, Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының жаңа әкімі болып тағайындалды. Бас қаланың басшысы туралы ақпаратты Stan.kz ақпарат агенттігі назарларыңызға ұсынады.

Алтай Көлгінов

41 жастағы Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов "Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелде білім алған. 

Көлгінов 1978 жылдың 15 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарығаш ауданында дүниеге келген. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген әкім 2000 жылы жедел әскерде борышын өтеген.

Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің құқықтану факультетін бітірген. Артынша Қазақстан президенті жанындаға мемлекеттік басқару академиясында білім алған. Абердин Британ университетінде "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқып, қаржылық құқық магистрі атанған.

2001-2008 жылдар аралығында ҚР бас прокуратурасында, әділет министрлігінде қызмет атқарады. 2010 жылға дейін "Алаш Медиа Групп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директорының орынбасары ретінде жұмыс жасаған.

2010-2012 жылдары президент әкімшілігіндегі мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы лауазымын алып жүрген. Артынша Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Орал қаласының әкімі, Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметтерін абыроймен атқарған.

Орал қалалық "Нұр Отан" партиясының филиалын, Батыс Қазақстан облыстық филиалын басқарып, ҚР президенті төңірегіндегі бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша кеңес мүшесі болды.

 

2016 жылы әкім Березовка ауылындағы тұрғындарға үй салу құрылысына қатысқан. Аталған ауылдың тұрғындарын экологиялық проблемаларға байланысты жаңа үйлерге қоныстандырған болатын. Сол сәтте түсірілген видеолар әлеуметтік желіде лезде тарап кетті. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от AkimatWestKaz (@batys_kz)

Осы жылдың жаз айында Көлгінов комбайнға отырып, қажетсіз өнімді отау жұмыстарына қатысты. 

2017 жылы Көлгіновті Audi A8 Long маркалы жаңа көлігі үшін сынады. Аталған көліктің бағасы 56 миллион теңгені құрайды. 

Сол кезде ол автомобильді айына 50 мың теңгеге пролонгация негізінде (мерзімін ұзарту) тест-драйв жасау үшін жалға алғанын айтып ақталды. Келесі айдан бастап жалға алғаны үшін 250 мың теңгеге дейін төлеген. Жалға алғаны үшін айына 50-250 мың теңге төлейтін болса, бір жылдық шығын 600 мың мен 3 миллион теңге арасын құрайды. Сондай-ақ, ол осы жағдайдан кейін отандық KIA көлігіне отыруға уәде берген болатын. 

Өткен жылы әлеуметтік желіде Көлгіновтің Дубайға жұмыс сапары кезінде "Формула-1" көліктер жарысына қатысқаны туралы ақпарат тарады. Алайда ол бұл қауесетті жоққа шығарды. 

Көлгіновтің Instagram желісінде өзін азамат, әке, жар және әкім ретінде таныстырған жеке парақшасы бар. 

Әкім ісімен ғана емес, ерекше талғамымен де жиі көзге түседі. Бірде желі қолданушылары оның бас киіміне ерекше баға берген болатын.

Көлгінов салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен тұрақты түрде шұғылданады. Instagram парақшасына қарап оның Геннадий Головкиннің жанкүйері екенін білуге болады. Ол боксшының барлық жекпе-жегін қалдырмай көріп отырады. 

Алтай Көлгінов "электронды кезек" енгізумен Орал тұрғындарының есінде қалды. 2016 жылдың көктем айында облыс басшысы тұрғындардың шағымынан шаршағаннан кейін үш емханаға өзі барып қайтты.

Сол сәтте науқастардың шағымын тыңдап, дәліздегі ұзақ-сонар кезекті өз көзімен көрген. Осыдан кейін №6 емхананың директоры Марат Дүсеев қызметінен босатылды. Сондай-ақ, ол осы жағдайдан кейін электронды кезекті енгізді. Бұл ноу-хауды әлі күнге дейін аталған өңірдің емханалары пайдаланып келеді. 

Облыстық әкімдік сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 2018 жылы Алтай Көлгінов БҚО әкімі болып жүргенде айына 742 527 теңге жалақы алып жүрген. 

Естеріңізге сала кетсек, 13 маусым күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды. 

Талқылау