Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан қаласы не себепті "қызыл" аймақтан шықпайды: Бас санитар дәрігер жауап берді

Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Cұлтан қаласы не себепті "қызыл аймақтан" шықпайтынын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Журналист бас санитар дәрігерден инфекциялық стационарлар қысқарып жатса да Нұр-Сұлтан қаласы жарты жыл бойы “қызыл аймақтан” не себепті шықпағанын сұрады. 

"Иә, біз наурыз айынан бастап "қызыл" аймақтамыз. Ол ауыр көрсеткішінің төмендеуіне байланысты есептелмейді. Яғни 100 мың тұрғынға шаққандағы абсолюттік сан есептеледі. Егер ол 100 мың халықтың көрсеткішінен асып кетсе, онда біз "қызыл" аймақта боламыз. Қазіргі кезде қаламызда аурудың төмендеуі байқалса да, 172 деген қарқынды көрсеткіш бар. Яғни 100-ден жоғары болып тұр. Сондықтан біз "қызыл" аймақта тұрмыз. Абсолюттік сан 100-ден төмендейтін болса ғана біз "сары" аймаққа көшеміз. Осындай критерийлер бар", – деп түсіндірді Сархат Бейсенова.

 Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов қалада төсек орындарының қысқаруына қарамастан, "сырқаттану жағдайы әлі де жоғары" екенін атап өтті. 

"Қазір бізде 578 адам стационарларда жатыр. Шын мәнінде, бір ғана диагноз үшін бұл өте көп жағдай. Басқа аппендицит, тұмау деген сияқты аурулармен жатқандардың саны мұндай болмайды. Вирус жұғу деңгейінің әлі де жоғары екенін айтқым келеді. Біз төсек-орындарды 4 мыңнан 990-ға дейін және пациенттердің санын 3 мыңнан 600-ге дейін азайта алсақ та, ауру әлі жойылған жоқ. Сондықтан әлі де вакцина салғызып, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауымыз керек", – деді Мұратов.

Талқылау