Нұр-Сұлтан әуежайының басшысы қызметінен босатылды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Ғабит Тәжімұратовтың "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ басқарма төрағасы лауазымындағы өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жалғыз акционер – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің шешімімен 2022 жылғы 6 қыркүйектегі "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ басқарма төрағасы Тәжімұратов Ғабит Қалиұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды", – делінген хабарламада.
Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып басқарма төрағасының орынбасары Мұхиден Әбілдинов тағайындалды.
Кадрлық шешімнің себептері министрлікте хабарланған жоқ.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі