Нұр-Сұлтан атауы қайта Астана болып өзгере ме?
Елордаға Астана атауы қайта беріле ме? Қазақстандықтардың басым бөлігін мазалайтын сұраққа мәжіліс спикері Ерлан Қошанов жауап берді.
"Мұндай сұрақ күн тәртібінде жоқ", – деп мәлімдеді Қошанов журналистерге.
Ол мұндай мәселені депутаттардың көтермейтінін ашық айтты.
Айта кетейік, Қазақстан астанасының атауы Нұр-Сұлтан болып 2019 жылы өзгертілді. Еліміздің бірінші президенті сол жылдың наурыз айында өкілеттілігін тоқтатты. Астана атауын өзгерту туралы ұсынысты Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған болатын.
Тоқаев еліміздің бас партиясын неліктен "Аманат" деп өзгерту туралы шешім қабылдағанын түсіндірді
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған