Нұр-Сұлтан әкімі: Мен жұмысқа таксимен келемін
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов жұмысқа таксимен келетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы берген есебінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біз бірнеше жыл бұрын жұмысқа қызметтік көлікпен емес, таксимен келу туралы шешімге келген болатынбыз. Бүгінде де біз бұл шешімді өзгерткен жоқпыз. Әкімдікпен жұмыс жасайтын такси қызметі бар. Бұл ешқандай көзбояушылық емес. Әкімдер, басқарма басшылары, олардың орынбасарлары да такси қызметін пайдаланады. Мен Toyota Camry маркалы көлік мініп жүрмін. Менің орынбасарларым да Қазақстанда шығарылған көлік мінеді. Осы такси қызметіндегі көліктермен күнделікті жұмысқа барып келеміз", – деді елорда әкімі.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар