Нұр-Cұлтанның тура ортасында жолдың асфальты опырылып түсті
Нұр-Сұлтандағы Керей, Жәнібек хандар және Түркістан көшелерінің қиылысындағы жолдың асфальты опырылып түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі оқиғаның 11 сәуірде болғанын хабарлады.
"Керей, Жәнібек хандар және Түркістан көшелерінің қиылысында кәріз құбырындағы апат жол жабынының негізін шайған, салдарынан жол бөлігі опырылды", – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда бұл аумақ қоршалған. "Эко жүйе" коммуналдық қызметі кәріз құбырының бүлінген бөлігін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
Елорда әкімдігінде түсіндіргендей, қалалық жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қысқа мерзімде жолды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы