Нұр-Cұлтан маңында өрт шықты
Елорда маңындағы алқапта өрт шықты. Өрт 1 гектарға дейін жетті, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұ туралы Нұр-сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.
20 маусым күні сағат 15: 03-те "101" пультіне Есіл ауданындағы Қорғалжын тас жолы бойында қураған ағаштардың өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт сөндірушілер келгеннен кейін өрттің алдын ала ауданы 1 гектар жерде құрғақ шөп пен қамыс жанып жатқаны анықталды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта өртті ТЖД алты техникасы, төрт өрт сөндіру машинасы және бір трактор көмегімен жеке құрамның 25 адамы сөндіруде.
Өрт сөндірушілердің күшімен 17.31-де ішінара оқшаулау жүргізілді. Өрттің елорданың жасыл белдеуіне және құрылыстарға таралу қаупі жоқ.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Тапқан ақшаның 50%-ын мен алсам, қалған жартысын өзі алады және бізді қорғайтын адамдарға береді"