Нұржан Қалжан тамағындағы темірді алдыруға қорқып жүр
Нұржан Қалжан жол апатына түскенде, дәрігерлер оның тамағына темір салып берген екен. Осы темірді алдыратын уақыт келсе де, әнші екінші мәрте ота жасатуға қорқып жүр.
Бұл туралы КТК арнасының “Инсталайық” бағдарламасында айтылды.
Бірнеше жыл бұрын Нұржан Қалжан мен белгілі тележүргізуші Руслан Бөлебай Алматыда Гагарин көшесінің бойында өзге көлікпен соқтығысып, ірі апатқа ұшырады. Абырой болғанда мойнынан жарақат алған Нұржан Қалжанның көрер жарығы бар екен. Ал, талантты жүргізуші Руслан, көлік ішінде қаза тапты. Осыдан кейін ұзақ уақыт өнеріне демалыс жариялап, ем қабылдаған Нұржан көліктің рөліне де бір жыл бойы отырмапты. Ал қазір ол тамағындағы темірді алдыруға қорқып жүр.
«Жол апатына түскен соң дауысыма байланысты қиындықтар пайда болды. Дәрігерлер мүлдем ән айта алмай қалуымның мүмкін екенін айтты. Яғни дауысым мүлдем жоқ болып кетуі мүмкін еді. Құдайдың жазғанын көрермін деп ота жасатып, тамағыма темір салдырдым. Енді сол темірді алдыруға қорқып жүрмін», – дейді Нұржан Қалжан.
Жіберіп алмаңыз:
Жүнісова: Мен Гүлнұрдың кешіріміне зәру емеспін. Ол өзінің қандай екенін көрсетті
Тележүргізуші Салтанат Қалиева әже атанды
Жұрт Пасха мерекесін тойлаған Баян Есентаеваны сынап тастады (фото)