Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімін қызметінен босатты
Дүйсенбі, 10 қыркүйекте, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елорданың әкімі Әсет Исекешевті президент әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындап, тиісті жарлыққа қол қойды.

Сурет: Ortcom.kz
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Астана қаласының әкімі қызметінен босатылсын», – делінеді жарлықта.
Елбасының келесі жарлығымен президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков өз қызметінен кетті.
«Мемелекет басшысының жарлығымен Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылды», – делінеді жарлық мәтінінде.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар