Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрмағамедов Макгрегорды жеңгеннен кейін неліктен төбелесіп кеткенін түсіндірді

Аралас жекпе-жек бойынша әлем чемпионы, ресейлік жауынгер Хабиб Нұрмағамедов UFC 229 турнирінің басты жекпе-жегінде ирландиялық Конор Макгрегорды жеңгеннен кейін орын алған төбелестің себебін түсіндірді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Нұрмағамедов Макгрегорды жеңгеннен кейін неліктен төбелесіп кеткенін түсіндірді

«Невада штатының атлетикалық комиссия мүшелерінен, Лас-Вегастан кешірім сұрағым келеді. Өзімді жақсы жағымнан көрсетпегенімді білемін. Бірақ, менде адаммын және неліктен менің октагоннан секіріп кетуіме қатысты осынша әңгімелер айтылып жатқанын түсінбеймін. Ал, менің дініме, еліме, әкеме қатысты айтылған сөздер туралы не ойлайсыздар? “Ол Бруклинде автобусқа шабуыл жасаған. Сол жерде бірнеше адамды өлтіре жаздады”, деген сөздер ше. Неліктен қазір бәрі менің тордан секіріп кеткенім туралы айтады? Мен соны түсінбеймін », – деді Нұрмағамедов.

Айта кетейік, бүгін 7 қазанда ресейлік жауынгер Хабиб Нұрмағамедов бұрынғы әлем чемпионы Конор Макгрегорды жеңіп, чемпиондық атағын қорғап қалды. Бірақ, атаулы кештің жеңімпазы анықтала салысымен, Нұрмағамедов октагоннан секіріп шығып, Конордың жаттықтырушысы Диллон Дениске шабуыл жасады. Ал, сол уақытта ресейлік жауынгердің секунданттары Макгрегорға шабуыл жасады. Өкінішке орай, жанжал тек полицияның көмегімен шешілді. Ақырында, бұл төбелестен кейін Нұрмағамедов октагоннан белбеусіз кетті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

 

Талқылау