Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Хабиб Нұрмағамедов Макрегорды жеңгеннен кейін алаңда төбелес шығарды (видео)
Лас-Вегаста UFC 229 аралас жекпе-жегінің турнирі аяқталды. Бұл турнирдің негізгі кейіпкері саналған Хабиб Нұрмағамедов ирдандиялық Конор Макгрегормен кездесті. Ресейлік жауынгер қарсыласын төртінші раундта жеңіп, осылайша жеңімпаз атағын қорғап қалды. Бірақ, бүгінгі кештің жеңімпазы анықтала салысымен Нұрмағамедов алаңнан секіріп шығып, төбелесіп кетті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Нұрмағамедов алғашында Макгрегорға жақындауға тырысты. Сосын бұл әрекет тоқтатылған кезде, ол Конордың команда мүшелерімен болған жаппай төбелеске араласып кетті. Сонымен қатар, кейіннен бұл жанжалға Макгрегордың өзі қосылды. Октагонда орын алған төбелеске полиция мен қауіпсіздік қызметкерлері араласуға мәжбүр болды.

Хабиб пен UFC президенті Дэн Уайттың арасындағы дау-дамайдан кейін, олар біріне дауыс көтеріп жағдай одан әрі ушықты.
Осылайша, ресейлік жеңімпаз айқастың нәтижесі жарияланбай тұрып, чемпиондық белбеуін алмастан октагоннан кетіп қалды.
Енді, Нұрмағамедовке тордан рұқсатсыз шыққаны үшін айыппұл салынады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін ресейлік жауынгер Хабиб Нұрмағамедов UFC-дің чемпион атағын қорғап, Макгрегорды жеңді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр
Отбасы: "Қазақ қызының намысын қорғау үшін басталған оқиға адам өлімімен аяқталып отыр"
"5 жастағы баланы даярлық сыныбына да, балабақшаға да алмайды": Қазақстандық ата-ана білім беру жүйесіндегі қайшылыққа наразы
Ата-ана: "Балабақша қалдырмайды, даярлық сынып қабылдамайды"