Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хабиб Нұрмағамедов UFC-дің чемпион атағын қорғап, Макгрегорды жеңді

Бүгін 7 қазан күні Лас-Вегастың T-Mobile Arena-да орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы ирландиялық Конор Макгрегор (21-3) және қазіргі ресейлік чемпион Хабиб Нұрмағамедовтың (26-0) қатысуымен аралас жекпе-жектің UFC 229 кеші өтті. Аталған шайқаста  дағыстандық жауынгер Хабиб Нұрмағамедов жеңіске жетіп, чемпион атанды деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Хабиб Нұрмағамедов UFC-дің чемпион атағын қорғап, Макгрегорды жеңді

Бірінші раунд басталғанда Макгрегор өте сауатты қорғанды. Алайда ол алғашқы сәтте жақсы қорғанғанымен, Хабиб өз дегенін істей алды.

Бірақ, екі жауынгер де бірінші раунда ыңғайлы позиция қолдана алмады. Хабиб қарсыласын қыспаққа алғанымен, соққы жасалмады. Айқас басталысымен Конор қарсыласының астынан шыға алмай, соққыға жығылды.

Хабиб Нұрмағамедов UFC-дің чемпион атағын қорғап, Макгрегорды жеңді

Екінші раунда да Хабиб уәде еткеніндей өте тамаша өнер көрсетіп, қарсыласын мүлде қозғалтпай, соққы астына алды. Ал, бұрынғы чемпион Макгрегордың қарсылық көрсетуге мүлде мүмкіндігі болмады.

Хабибтің қимылы мен тактикасына қарап-ақ, оның өте жақсы жаттыққанын түсінуге болады. Қашанда сабырлы, әрі белсенді жауынгер барлық раунда Макгрегорды тапжылтпады. Үшінші раунда барлығы 1 нокаут, 99 соққы жасалды.

Хабиб Нұрмағамедов UFC-дің чемпион атағын қорғап, Макгрегорды жеңді

Төртінші раунда Хабиб тағы да белсенді әрекет етті. Қызықты, әрі ұзақ айқас өткізуге уәде берген дағыстандық жауынгер қарсыласын қылқындырып, тізе бүктірді. Осылайша, Хабиб төртінші раунда Конор Макгрегорды жеңіп, UFC-дің чемпион атағын қорғап қалды.

Хабиб Нұрмағамедов UFC-дің чемпион атағын қорғап, Макгрегорды жеңді

Айта кетейік, Хабиб Нұрмағамедов сәуір айында америкалық жауынгер Эль Яквинтаны (13-4-1 жеңіп, UFC-тің жеңіл салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атанды. Ол өз мансабында 26 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Бүгінгі маңызды жекпе-жекте де Хабиб жеңімпаз екенін дәлелдеп, 27-ші жеңісіне қол жеткізді.

Ал, Конор Макгрегор 2016 жылдың қараша айынан 2018 жылдың қаңтарына дейінгі кезеңде осы бөлім бойынша чемпион болған. Ирландиялық соңғы жекпе-жегін 2016 жылдың қазан айында өткізді. Ол кезде жауынгер америкалық Эдди Альваресті (29-6-1) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Өз мансабында 21 рет жеңімпаз атанған ирландиялық жауынгер осымен төртінші рет жеңіліс тапты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Онкологиялық аурулар тегін емделеді": Елімізде қатерлі ісікке шалдыққандарды шетелде емделуге үгіттейтін компаниялар анықталуда

Қайдарова: Қатерлі дерттен емделу үшін, шетелге барудың ешбір қажеті жоқ

Тоқаев елімізде пәтерді жалға беру нарығын реттеуді тапсырды

Президент: Тұрғын үй құрылысының өзіндік құнын жүйелі түрде төмендету керек

"Жанын алғандай қатты шыңғырды": Ақтөбеде келіншек жеке клиникада емделіп жатып көз жұмды

Жақындары марқұмның өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

"Орамал тақпаймын!": Оқушы қыз әкесінің хиджаб киіп, намаз оқуға мәжбүрлейтінін айтып араша сұрады

Оқушы қыз әкесінен қатты қорқып қалғандықтан, отбасын көргісі келмейтінін айтады

Тәрбиеші бүлдіршінді тұншықтырған: Қарағанды облысында сұмдық оқиға орын алған балабақша жабылды

Белгілі болғандай, балабақша заңсыз жұмыс істеген

"Беті бері қараған жоқ": Дәрігерлер күйеуі бензин құйып өртеп жіберген әйелдің жағдайы туралы

Дәрігер: Тірі қалуға мүмкіндігі бар деп айтуға әлі ерте

Алматыда көліктегі адамдарды ыстық судан құтқарған жүк көлігінің жүргізушісі марапатталды

Ер адам ерлік жасадым деп санамайды

"Құдай үшін қоқысты жинаңыздаршы": Маңғыстауда қыдырған америкалық туризмді дамытудың жолын айтты

Милос Пиервола: Ұлттық валюталарыңызда бейнеленген жерге бардым. Полигонда жүргендей болдым

Кәрістер мен қытайларға қызмет көрсеткен: Алматыдағы караоке-бар жезөкшелер ордасы болып шықты (видео)

Караоке-бардан 14 жеңіл жүрісті қыз бен оңтүстік кореялық азаматтар ұсталды

Ыстық су атқылады: Алматыда тағы да жылу желісі жарылды (видео)

«Алматы жылу желісіндегілер" оқиғаға қатысты пікір білдірді
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр