Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Баланы қалай өлтірдің": Нүкенованың анасының Бишімбаевқа айтқан сөзін ішкі істер министрлігі тексереді

Ішкі істер министрлігі Нүкенованың анасының “Бишімбаев бала қағып кеткен” деген сөзіне қатысты тексеру жүргізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жоғарғы сот

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Нүкенованың анасының сөздері назардан тыс қалмағанын айтты.

"Ішкі істер министрлігі барлық факті бойынша тексеру жүргізді. Қазір тергеу бөлімінің бастығына тапсырма беремін. Егер бұл факті болса, оны тексереміз. Егер жоқ болса, мен оларға қарауды бұйырамын, бірақ іс сотта. Сот бізге қосымша ұйғарым шығаруы мүмкін. Егер сот отырысында жаңа мән-жайлар туындаса, олар бізге тергеуді, тексеруді тапсырады", – деді Лепеха.

Бұған дейін сот отырысында Бишімбаев аса қатыгездікпен кісі өлтіргенін мойындамайтынын айтқан еді. Сол сәтте Салтанат Нүкенованың анасы көзіне жас алып, бүкіл сот залына оның әрекеті туралы айтқан.

"Мен қызымды жерледім. Оның жүзін де көрмедім. Бұлай айтуға қалай дәтің барады?! Оны бірнеше сағат бойы қинап өлтірді. Өткен өмірің туралы айтып беруімді қалайсың ба? Баланы қалай өлтірдің?”, – деді Салтанаттың анасы.

Айта кетейік, бұған дейін 11 сәуір жауап алу кезінде қылмысты жасырды және хабарламады деп айыпталған Бақытжан Байжанов алғашқы айғағын адвокаттың қысымымен бергенін айтқан еді. Ол алғашында қорыққанынан айғақ бергенін айтты. Адвокаты былай айтпа, олай айтпа дегенін, кейіннен желтоқсанда адвокатының Бишімбаевтың адвокаттарымен сөйлесіп келіскенін түсінгенін жеткізді. Сосын оның қызметінен бас тартып, осы жағдайлардан кейін шынайы куәлік бергенін мәлімдеді. 

Талқылау