"Нөсер жаңбыр, тұман мен көктайғақ болады": Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады
Қазгидромет еліміз бойынша 24-26 қазанға арналған ауа райы болжамын жасады. Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын шашын болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде циклонның ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады. Жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.
24 қазанда республиканың оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр, таулы аудандарда да қатты (жаңбыр, қар түрінде) жауын-шашын болжанды. Республика бойынша жел күшейіп, тұман мен көктайғақ болады. Температуралық режимде айтарлықтай өзгерістер болмайды.
Алматының ауызсуын қайнату керек пе: Судан табылған бактерияға қатысты мамандар не дейді
Қазақстан тұтынушылар ұлттық лигасының президенті Алматыдағы ауызсудан синегной таяқшасы анықталғанын растады
Қазақстан туын балконға ілуге, киімге басуға бола ма? Мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі қандай
Бұл туралы заңгер жауап берді