"Нөсер жаңбыр, бұршақ, қатты жел": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Қазгидромет 5-6 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Таяу күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, ел аймақтарының басым бөлігіне циклон әсер етеді.
Салдарынан 5 шілдеде солтүстік-батыста, 5-6 шілдеде солтүстікте, орталықта және оңтүстік-шығыста, 4-6 шілдеде шығыста қатты нөсер болжанып отыр. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
Сондай-ақ еліміздің батысында күндіз +33+43°С-қа дейін аптап ыстық болады.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Блогердің видеосы қоғамда түрлі пікір туғызды
Қызметкерлердің құқығы күшейеді, грант иегерлерінің тізімі шығады: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
Әзірге бұл өзгеріс қарапайым азаматтарға әсер етпейді