Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нобель сыйлығының лауреаты Иран түрмесінде аштық жариялады

Иран белсендісі, Нобель сыйлығының иегері Наргиз Мохаммади осы дүйсенбіде өзі отырған түрмеде аштық жариялады. Ол Иран саясаты мен түрмедегі жағдайға наразылық білдірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еuronews порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет ашық дереккөзден

Наргиз Мохаммади Нобель сыйлығын 2023 жылы иеленген. Ол Ислам Республикасының науқас тұтқындарға медициналық көмек көрсетуді кешіктіру және одан бас тарту саясатына, сондай-ақ исламдық хиджабты міндетті түрде киюге наразылық білдірген.

Қоғам белсендісінің адвокаты бірнеше ай бұрын Наргизді жүрек және өкпе ауруларын емдету үшін мамандандырылған ауруханаға ауыстыруды сұраған. Алайда басшылық бұл өтініштен бас тартты.

Наргиз Мохаммади Махса Амини өлтірілгеннен кейін үкіметке қарсы бірнеше шеруді басқарды. Ол бірнеше рет ұсталды, қазір түрмеде.

Айта кетейік, 2022 жылы Иранда хиджабты дұрыс кимегені үшін ұсталып, кейін қаза тапқан Махсы Аминидің өлімінен кейін дінбасыларға қарсы көтеріліс басталған еді. Наразылық акцияларын өткізіп жатқан ирандық әйелдерге қолдау көрсету мақсатында әлемнің түкпір-түкпірінде әйелдер шаштарын кесті. Кейін Иран билігі көтеріліске қатысқан 1000 адамға қатысты ашық сот өтетінін мәлімдеді. 

Талқылау