Ninety One тобының әншісі көзіне пластикалық ота жасатқанын мойындады
Ninety one тобының әншісі Alem көзіне пластикалық ота жасатқанын мойындады. Бұл туралы ол Тимур Балымбетовке берген сұхбатында ашық айтты.
Айтуынша, қабағының салбырап тұруына байланысты, ол жастай өзін сенімсіз сезінген. Іштегі комплексін жеңу үшін әнші ақырында пластиканың көмегіне жүгінген.
"Мен көзімді жасаттым. Бұл өзімді іштей жайсы сезінуіме байланысты болды. Бір көзімнің қабағы салбырап тұратын. Бала кезімнен сондай. Оны бір рет жасатқанмын, кейін ісіп кете беретін болды. Сол менің өзіме деген сенімділігіме әсер ете бастады. Кейін ақыры жасатып тастадым. Содан соң қалпына келді. Бұл сахна үшін емес, өзім үшін жасалған дүние болды", – деді "91" солисі.
Әлем ота жасатқаннан кейін "тынышталғанын" атап өтті. Бұған дейін ол отбасын құрғанын растаған еді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған