Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкем қарсы болды": Жұлдыз Әбдікәрімова қалай актриса болғанын айтты

"Өнер жолы ауыр жол. Әсіресе, қыз бала үшін". Танымалдардың аузынан жиі шығатын бұл сөзді кезінде Жұлдыз Әбдікәрімова да естіген. Актриса болғысы келетінін айтқанда, әкесі қарсылық білдірген. Алайда өнерге деген ынтасын, махаббатын көріп, рұқсатын берген. Тек бір шартпен ғана. Бұл туралы Әбдікәрімова әңгімеледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

9-сыныпты бітірген соң, Жұлдыз өнер колледжіне оқуға түсуге оқталған. Әкесі оған: "Бір рет тапсырғаннан түссең, оқисың. Түсе алмасаң, өнер жолына бармайсың", - деген. Берілген жалғыз мүмкіндікті барынша тиімді пайдалануға тырысқан Жұлдыз ақырында өнер ордасынан бір-ақ шыққан. 

"Сөйтіп, әкемнің шарты бойынша, оқуға алғашқы тапсырғаннан-ақ түсіп кеттім. Өзім де таңқалдым. Сол сәттен бастап өзіме, өнеріме сене бастадым.

Ешқандай әке-көкесіз, ақша мен байлықсыз арманыңа жетуге болатынын түсіндім. Оқу бітірген соң театрда 6 ай қызмет еттім", - деп ағынан жарылды Әбдікәрімова.



Жұлдыз колледж қабырғасында жүріп Қайратпен танысқан. Екеуі бір-біріне ғашық болып, дипломдарын алған соң көп ұзамай отбасын құрған. Бұдан кейін Әбдікәрімованың актерлік мансабы 10 жылға тоқтады. Ол төрт баланы дүниеге әкеліп, олардың тәрбиесімен айналысты. 
   

Талқылау