Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Николас Кейдж шапан киіп тұрып қазақстандықтарға үндеу жолдады (видео)

Үстіне қазақтың шапанын киген голливудтік актер Николас Кейдж арнайы бейне үндеу жасады.

Безымянный

Бұл туралы Фейсбуктегі Astana.Media парақшасында хабарланған.

“Евразия” кинофестиваліне дейін актер қазақстандық танымал режиссер Рүстем Әбдірашпен кездескен. Жақын уақытта әлемге танымал актер қазақстандық жобада бой көрсетіп қалуы әбден мүмкін.

“Әрине мен Қазақстан мен Астана туралы тек жақсы нәрселер айта аламын. Бұл жерде 24 сағат ғана болғаныма қарамастан, мен бұл қаланы сүйемін. Айналамның бәрі мейірімді, қонақжай, мен мұндай жылы қарсы алуды тұңғыш рет көріп отырмын. Мен бүкіл әлем бойынша сапарлатамын, енді өзгелерге Астана мен Қазақстанға баруға кеңес беремін”, – дейді актер.

Ол сондай-ақ, Қазақстанның архитектурасы, тамағы да керемет екенін айтады.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанға халықаралық “Евразия” кинофестиваліне қатысу үшін келген Николас Кейдждің шапан киген образы қоғамда әзілге арқау болып кеткен еді.

Оқи отырыңыз:

Қызын ұзатуға дайындалып жүрген Абай Бегей тойға миллиондап ақша жұмсайтынын айтты

Оққағар, люкс: бөлме, ұшақ, көлік: Қайратты шетелге шақыртушыларға қойылатын негізгі талаптар белгілі болды

Тыңдармандары аула сыпырушысымен құшақтасып суретке түскен Ернар Айдарға риза болды

Айару Бақытбек: Итімізбен бір төсекте ұйықтап, бір дастарханнан тамақтанамыз

Талқылау