Нығматуллин мәжіліс депутатының өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатты
Мәжіліс депутат Гүлшара Әбдіқалықованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин палатаның жалпы отырысында Гүлшара Әбдіқалықоваға қызметі үшін алғысын білдіріп, көптеген жауапты жұмысты атқарғанын атап өтті.
"Бұл тарихи кезеңді атап өткім келеді. Алғаш рет әйел облыс әкімі болып тағайындалды", - деді Нұрлан Нығматулин.
Сонымен қатар,ол Гүлшара Әбдіқалықоваға Қызылорда облысының әкімі ретінде жемісті еңбек тіледі.
Еске сала кетейік, 28 наурызда Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады