Нигериялық азаматқа тұрмысқа шыққан атыраулық әйел тұңғышын босанды
Нигериялық азаматқа тұрмысқа шыққан атыраулық келіншек тұңғышын босанды. Заида Жаңабаева 23 маусым күні ана атанды. Ол әзірге сәбіиінің жынысын құпия қалдырып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Енді біз үшеу болдық, әлхамдулилляһ. Менің туған күнім 23-ші мамыр, ал біздің сәбиіміз 23 маусымда дүниеге келді", - деп жазды Заида Instagram парақшасында.
Заида мен оның жолдасы Джесси былтыр отау құрғаннан кейін желіде танымал болды. Алғашқыда екеуінің некесін сынға алған жұрт оларға қызығушылық танытып, парақшасына жазыла бастады. Бүгінде Заиданың 50 мыңнан аса оқырманы бар. Олар жұптың әр сәтін, соңғы жаңалықтарын қадағалап отырады.
Жуырда Заида мен джесси гендер-пати жасаған болатын. Алайда видеоны көрген көпшілік сәбидің ұл не қыз екенін сол күйі түсіне алмады. Заида да ашып айтпады. Оның сөзінше, желіде әлі де оның күйеуінің нәсіліне тиісетіндер жетерлік. Оларды баланың "түсі" қызықтырады.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған