Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нигерияда экстремистер өздерін жарып жіберді: 18 адам қаза тапты

Нигерияда бір күнде бірнеше жарылыс болып салдарынан 18 адам көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ВВС

Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно провинциясында тойда, ауруханада және жерлеу рәсімінде адамдар жарылғыш затты денесіне байлап, өздерін жарып жіберді.

Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, кем дегенде 18 адам қаза тапты, оның ішінде балалар мен жүкті әйелдер бар. Сондай-ақ 48 адам жарақат алды. Нигерия баспасөзінің болжамы бойынша, құрбандар саны 30-ға жуық болуы мүмкін.

Жергілікті төтенше жағдайлар басқармасы өзін жарып жібергендердің барлығы әйелдер екенін айтты. Әзірге аймақтағы радикалды топтардың ешқайсысы терактіні мойнына алған жоқ. Провинцияда іздестіру жүргізіліп, коменданттық сағат енгізілді.

Нигерияның Борно провинциясында "Боко Харам" исламшыл тобы 15 жылдан астам толқулар жасап келеді. Олар мектептерге шабуыл жасап, қыздарды ұрлайды. “Боко Харам” мүшелері әйелдер білім алмау керек деп санайды.

Талқылау