Нидерланды жағалауында 3 мың көлік тиелген кеме өртке оранды
Солтүстік теңізде, Голландияның Амеланд аралының маңында 3000-ға жуық көлік тиелген жүк кемесі өртке оранды. Болжам бойынша, өрттің шығуына электромобильдердің бірінің тұтануы себеп болған. Салдарынан бір экипаж мүшесі қаза тапты, 22-сі жараланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Солтүстік теңізде кемедегі өртті сөндіру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бірнеше құтқару кемесі жалынды сөндіру операциясына белсене қатысуда. Экипаждың кей мүшелері өртті өз бетінше сөндіре алмаған соң, 30 метр биіктіктен суға секіруге мәжбүр болды.
"Олар бірінен соң бірі суға секірді. Себебі олардың жағдайы өте қиын еді. Олар үшін суға секіруден басқа таңдау қалмады", – деді Амеленд құтқару қайығының капитаны Виллард Моленар.
Кеме қазір зәкірде тұр. Нидерланды жағалау күзеті оны суға батып кетуі мүмкін деп отыр. Алайда құтқарушылар өртті сөндіріп, кемені суда ұстап қалуға тырысуда.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі