Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұғымдарды шатастырмаңыз": Депутат Перуашев Алатау қаласындағы жерді шетелдіктерге сату мәселесіне жауап берді

Фото: freepik.com

Қазақстан парламенті “Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі туралы” Конституциялық заңды қабылдады. Жаңа мегаполис бизнес үшін кең көлемді жеңілдіктер қарастырылған және ерекше басқару жүйесі енгізілетін аймаққа айналмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Заң жобасын екінші оқылымда депутат Нұртай Сабильянов таныстырды. Құжат Алатау қаласына әлемдік озық тәжірибелерді, соның ішінде Шэньчжэнь үлгісін енгізуді көздейді. Негізгі жаңашылдықтардың қатарында:

  1. Бизнес-лицензия – резиденттерге салықтық жеңілдіктер алуға мүмкіндік беретін бірыңғай құжат;
  2. Тексерулер – қала аумағындағы бизнесті тек Бас прокуратура ғана тексере алады;
  3. Цифрлық басқару –  қалалық шаруашылық пен қауіпсіздік бірыңғай цифрлық платформа арқылы толық басқарылады;
  4. Тұрақтылық – инвесторларға арналған салық режимі ашықтық пен қаржылық тұрақтылық қағидаттарымен қорғалады.

Сонымен қатар жаңа заң экологиялық талаптарды күшейтеді: Алатау қаласындағы қоршаған ортаны қорғау деңгейі Қазақстанның Экологиялық кодексіндегі нормалардан да жоғары болуы тиіс. Бұдан бөлек, қала инклюзивті қағидаттар негізінде салынып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді әмбебап дизайн стандарттары енгізіледі.


Қазақстанда жер шетелдіктерге жер сатыла ма – Депутат қауесеттерге жауап берді


Желіде Алатаудағы жер телімінің шетелдіктерге сатылып жатқаны туралы видео тарады: Әкімдік ақпаратқа пікір білдірді


Шетелдіктер Алатау қаласынан жер иелене ала ма?

Бұл мәселеге қатысты Мәжіліс депутаты Азат Перуашев пікір білдірді.

Журналистер жер санатын ауыл шаруашылығынан өнеркәсіптік мақсатқа ауыстыру шетелдіктерге оны сатуға мүмкіндік бермей ме деген сұрақ қойған.

Депутаттың айтуынша, әңгіме жерді сатуда емес, нақты инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты. 

“Ұғымдарды шатастырмау керек. Шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру мен сатуға шектеулер бар. Ал жер өнеркәсіптік аймаққа ауыстырылып, нақты өндірістік жобаға берілсе, бұл шектеулер қолданылмайды. Мысалы, бір зауыт үшін 20–30 соттық жер жеткілікті болуы мүмкін”, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Alatau City аумағында жер учаскелері шетелдік инвесторларға жалға берілетіні туралы жазған едік. 

STAN.KZ
Жұма, 27 Наурыз, 2026 12:28