"Найзағай, бұршақ пен нөсер жауын жауады": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын айтты

Қазгидромет еліміз бойынша 23-25 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктердің мәліметінше, Мәскеу маңынан жылжып келе жатқан циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар республика аумағында тұрақсыз ауа райын қалыптастырады.
“Елдің басым бөлігінде найзағаймен нөсер жаңбыр жауады. Жекелеген өңірлерде бұршақ түсіп, дауылды жел (шквал) соғуы мүмкін. Республика бойынша желдің күшеюі мен түнгі және таңғы сағаттарда тұман болжануда. Күндіз батыс өңірлерде ауа температурасы +7, +18°С дейін төмендейді, солтүстік-батыста +10, +20°С болады”, – делінген хабарламада.
Республиканың қалған аумағында ауа температурасының біртіндеп көтерілуі болжанады:
- солтүстікте +18, +27°С дейін;
- орталықта +22, +30°С дейін;
- шығыста +20, +28°С дейін, таулы аймақтарда +10, +15°С;
- оңтүстікте +27, +32°С дейін, таулы аймақтарда +22°С шамасында;
- оңтүстік-шығыста +20, +30°С дейін, таулы аймақтарда +10, +15°С болжанған.
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан Рудныйға көшірілген қандастар азаматтық ала алмай жүр
Қандас: "Азаматтық алуды квотамен тікелей байланыстырмаса екен"
"Әкеңіз сізге керек болмаған соң, қайтыс болды": Қазақстандықтар психологтардан қалай зардап шеккендерін айтты
Stan.kz тілшісі “психологсымақтардың” салдарынан зардап шеккендердің оқиғасын бөлісе отырып, психолог таңдауда не нәрсеге мән беру керек екенін анықтады
Оқыңыз