Жанәбіловтер ісі: Сот үкім шығаруы тиіс еді, алайда блогердің жағдайы нашарлап, үзіліс жарияланды

Астана қаласында блогер Жанәбіловтерге қатысты сот жалғасып жатыр. Үкім шығар алдында Эльмира Төлегенованың жағдайы нашарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
23 сәуір 15:00-де соттағы жарыссөздердің жалғасы жоспарланған еді. Онда айыпталушылар соңғы сөзін айтып, кейін судья кеңесу бөлмесіне кетіп, үкім шығарады деп күтілген.
Алайда белгіленген уақытта адвокат Гаухар Айтжанова Эльмираның жағдайы нашарлағанын айтып, дәрігер шақырғанын хабарлады. Осыған байланысты сот адвокаттан растайтын құжаттарды ұсыну үшін екі сағаттық үзіліс жариялады.
ОқыңызАл бұл уақытта заңгер Анна Чернова айыпталушылардың "адвокаттар кінәні мойындамауға үгіттеді" деген сөздерін жоққа шығарды. Оның айтуынша, керісінше блогерлерге мұндай ұтыс ойынын өткізуден бас тарту ұсынылған. Алайда олар бұл кеңеске құлақ аспаған.
Еске салайық, 2026 жылғы 13 наурызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс қарала бастады. Айыпталушылар мен олардың адвокаты сот процесін жабық форматта өткізуді сұрағанымен, сот бұл өтінішті қанағаттандырмады. Алайда сот отырысы кезінде БАҚ өкілдеріне фото және бейнетүсірілім жасауға тыйым салу туралы өтініштері мақұлданды. Қорғау тарапы тергеу толық жүргізілмегенін және заңбұзушылықтар болғанын алға тартып, істі прокурорға қайта қарауға жіберуді сұрап отыр.
"Әкеңіз сізге керек болмаған соң, қайтыс болды": Қазақстандықтар психологтардан қалай зардап шеккендерін айтты