Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевтың бұрынғы әкімшілік басшысының отбасы Венадағы ең қымбат пәтерлердің бірін сатып алды

Аслан Мусин Венадағы ең қымбат пәтер
Фото: Желі кадрларынан

Кезінде Назарбаев әкімшілігінің басшысы болған Аслан Мусиннің отбасы отбасына тиесілі компания Венада ең қымбат пәтерлердің бірін сатып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Выход к морю Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Аслан Мусиннің отбасына тиесілі компания Австрия астанасы Венада шамамен 4,5 миллион (2,3 миллиард теңге) еуро тұратын пәтерге ие. Өткен жылы бұл сауда Нойбау ауданындағы ең қымбат жылжымайтын мүлік мәмілелерінің бірі деп танылған.

Нойбау – Венадағы орталық аудандардың бірі. Мұнда қаланың басты көрікті жерлері – опера театры, Карлскирхе шіркеуі және қалалық ратуша, жаяу шамамен 15 минуттық жерде орналасқан. Сонымен қатар бұл аудан музей кварталымен, жаяу жүргіншілер көшелерімен және Рождество жәрмеңкелерімен танымал. Нойбау қаланың шығармашылық әрі мәдени өмірі дамыған аймағы саналады. Ал жергілікті тұрғындар көбіне солшыл саяси күштерді қолдайды.

Осы ауданның Mondscheingasse көшесіндегі тарихи ғимараттардың бірінде Мусиндер отбасының пәтері орналасқан. 413 м² болатын бұл пәтер 4,5 миллион еуроға (шамамен 2,3 миллиард теңге) сатып алынған. Мүлік жергілікті активтерді басқарумен айналысатын Bazantner GmbH компаниясына тіркелген. Қаржылық есептерге сәйкес, бұл пәтер әзірге компанияның жалғыз активі болып отыр.

Компанияны Сергей Кушенов басқарады. Ол Мусиндер отбасының шетелдік жобаларындағы көпжылдық серіктесі. Компания болгариялық Arkentum делдал құрылымы арқылы БАӘ-нің Рас-эль-Хайма эмиратында тіркелген UNCIA қорына тиесілі. Бұл қор Аслан Мусиннің ұлы Сауранбек Мусин мен оның немере інісі Ануарбек Мусинмен байланысты. Олар отбасының Латвия мен Болгариядағы негізгі активтерін де басқарады.

Латвияда да Мусиндер отбасының жылжымайтын мүлікке қатысты ірі келісімі болған. Олар 5,6 миллион еуроға (2,8 миллиард теңгеге) елдегі танымал тұрмыстық техника сататын компаниялардың бірін сатып алған. Сонымен қатар Латвияда олардың тұрғын үйлері де бар. Ал жалпы активтері 20 миллион еуродан (10 млрд теңгеден асады).

Отбасының негізгі бизнесі Болгарияда шоғырланған. София қаласында олар шамамен 100 миллиард теңгеден астам (200 миллион еуро) инвестиция құйылған үлкен тұрғын үй және коммерциялық құрылыс жобасын жүргізіп жатыр. Жоба аясында 95 мың м² кеңсе, 60 мың м² тұрғын үй, мектептер, екі спорт кешені және 4,5 мың көлік тұрағы салу жоспарланған.

"София парк" құрылыс компаниясының активтері 2024 жылғы есеп бойынша шамамен 34 миллиард теңге (68 миллион еуро) деп бағаланған.

Болгария Мусиндер үшін тек бизнес орталығы ғана емес, өмір сүретін елге де айналған. Аслан Мусиннің жұбайы Гульбану Укетайқызы мен ұлы Сауранбек Болгарияның "алтын" азаматтығын алған және жергілікті сайлауларға, тіпті Еуропарламент сайлауына да қатысады.

Өзі Аслан Мусин Балқан елдерінде елші болып қызмет атқарғаннан кейін 2020 жылы Черногорияның құрметті азаматы атанған. Алайда соңғы жылдары бұл елде берілген құрметті азаматтықтарды жаппай тексеру басталған. Бұл процесс салықтан жалтару бойынша ірі іс аясында қолға алынған.

Айта кетейік, Черногорияның құрметті азаматтары қатарында Аслан Мусин мен косоволық бизнесмен Насер Рамаи, сондай-ақ ресейлік тележүргізуші Екатерина Андреева да бар.

Болгарияның Шенген аймағына қосылуынан кейін азаматтық беру мен қаржы көздерінің заңдылығын тексеру күшеюі мүмкін деген болжамдар бар. Осыған байланысты Мусиндер отбасының БАӘ-де қор ашып, активтерін сол жаққа тіркеуі де осы үрдістермен байланысты болуы ықтимал.

STAN.KZ
Бейсенбі, 23 Сәуір, 2026 17:01