Alatau City аумағында жер учаскелері шетелдік инвесторларға жалға берілмек

Alatau City аумағында жер учаскелері шетелдік инвесторларға жалға берілуі мүмкін. Алайда аумақ нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін ғана ұсынылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мұны Парламент отырысында вице-премьер Қанат Бозымбаев мәлімдеді.
“Alatau city-де барлық инвесторларға, оның ішінде шетелдік инвесторларға жер учаскілері тек нақты инвестициялық жобаларды іске асыру үшін және бизнес лицензия үшін жалға немесе басқа түрде беріледі. Бизнес лицензия арқылы оның міндеттемелері болады. Егер екі жыл ішінде ол жерге зауыт-фабрика немесе университет, қонақүй салмаса оған айыппұл салынады. Егер тағы екі жылдан кейін даму болмаса жер қайтарылады. Жер тек инвестициялық жобалараға беріледі”, – деді вице-премьер Қанат Бозымбаев.
Айта кетейік, бүгін парламенттің бірлескен отырысы өтіп жатыр. Жиында Alatau қаласының арнаулы мәртебесі туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін 2050 жылға қарай Алатау қаласының экономика көлемі 50 миллиард долларға жететіні туралы жазған едік.
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр