Қазақстанда жасалған жаңа вагондар қандай болады – Тоқаев көріп шықты

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Stadler Kazakhstan зауыты шығарған алғашқы жолаушылар вагонын қарап шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақорда мәліметінше, вагондар қатаң климаттық жағдайға негізделіп жасалған. Қолдану мерзімі – 40 жыл.

Фото: Ақорда
“Кәсіпорын купе, плацкарт және қозғалысы қиын жолаушылар үшін арнаулы вагондар шығарады. Биыл 51 вагонды, ал 2030 жылға дейін 557 жаңа вагонды пайдалануға беру жоспарланған. Бұл ұлттық тасымалдаушының вагон паркін толығымен жаңартуына мүмкіндік береді. Өндірісті локализациялауға қазақстандық кәсіпорындар тартылған”, – делінген хабарламада.

Фото: Ақорда
Президент темір жол саласының жұмысшыларымен әңгімелесті.

Фото: Ақорда
Қазақстандық ер адам қолына бұрауыш тығып алып, көз жұмды: Туыстары дәрігерлердің салғырттығына шағымданды
Ер адам ауыр жарақат алғаннан кейін Ақтөбе медициналық орталығына жүгінген
Миллиардтаған қаржы жұмсалған Н.Сац атындағы театрдың эскиз жобасын бастапқы үлгісінен өзгертіп жіберген
Урбанист: "Қасбетке елеулі өзгеріс енгізілсе, жоба қайта келісілді деген сөз"