Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысының әкімі ауылға құны 50 миллион теңгеге жуық тұратын жол талғамайтын көлікпен келді

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Наурыз мерекесіне орай Шиелі ауылына келді. Журналист Асхат Ниязов әкімнің ауылға құны 50 миллион теңге болатын Chevrolet Tahoe жол талғамайтын көлікпен келгенін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видео кадрларынан скрин

Ниязов жариялаған видеода Chevrolet Tahoe көлігінің бірнешеуі келген. Бұл ретте әкімге көлік есігін жүргізушісі ашып берген.  

Chevrolet ресми сайтында, бұл Tahoe RST моделінің бағасы 45 890 000 теңгеден басталады. Ал kolesa.kz сайтында 2024 жылғы Chevrolet Tahoe Premier-дің құны 49,8 миллион теңгеге бағаланған.

"Maybach және Chevrolet Tahoe сияқты көліктерді жергілікті тұрғындар облыс әкімі келгенде ғана көреді. Көліктің есігін, әрине, Нәлібаевтың өзі ашпайды. Маған қызығы, шенеуніктердің өздеріне тек елімізде құрастырылған отандық көлікті алуы керек деген ережесі қазір жұмыс істемей ме?"- деп жазады Ниязов Instagram парақшасында.



Нәлібаев 2022 жылдың 7 сәуірінен бастап Қызылорда облысының басшысы қызметін атқарады. 

 

Талқылау