Түркістан облысындағы мешітте балаларға аяғын уқалатқан дін қызметкері сынға қалды (видео)
Мешітте балаларға аяғын уқалатқан дін қызметкері сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скрин
Оқиға Түркістан облысы Сарыағаш ауданында экс-президент Назарбаевтың ағасы Сатыбалды Әбішұлы атындағы мешітте болған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Кадрлардан бірнеше баланың медресенің бас ұстазы Абдужаппар Смановтың аяғын уқалап жатқанын көруге болады.
Бұл жағдайға қатысты Абдулахад Сманов желідегі парақшасында жазба жариялап, видеодағы аталарының аяғын уқалап жатқан немерелері екенін айтты.
"Әлеуметтік желіде бір видео кеңінен тарап жатыр екен. Сондағы айтып жатқаны "жас балаларға аяғын уқалатып қойып, өзі жәннатта жүргендей" деген сөздері екен. Осы мәселені тарқата кетсем. Бұл жерде атамыздың аяғын уқақалап жатқан балалар - атамыздың өзінің немерелері. Ешқашан атамыз өзге адамдарға аяғын ұқалатқан емес. Тек өз балаларына және немерелеріне тәрбиелік тұрғыда аяғын ұқалауына рұқсат еткен. Тәрбиелік тұрғы дейтінім, біз қазақ әрқашан үлкеннің қолына су құйып, атаның қызметін жасап, батасын алуға талпынған халықпыз. Өзіміз де, марқұм әкемізге және атамызға қызмет етіп өстік, батасын алуғы тырыстық, одан кем болған жоқпыз”, – деп жазды Абдулахад Сманов.