2025 жылы Алматы мен Нью-Йорк арасында тікелей әуе рейсі ашылмақ
Қазақстаннан АҚШ, Қытай, Жапония және Германияға тікелей әуе рейстері биылғы жылы іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Бұл туралы "Ашық НҚА" порталында жарияланған 2025-2029 жылдарға арналған Алматы тау кластерін дамыту жөніндегі Кешенді жоспар жобасында айтылған.
Алматыда әуежай ішінде түкірген Қытай азаматына айыппұл салынып, рейстен шығарылды
Құжатқа сәйкес, Алматыдан жеті шетелдік қалаға тікелей рейстер ашу жоспарлануда:
- Шанхай (Қытай),
- Гуанчжоу (Қытай),
- Чэнду (Қытай),
- Нью-Йорк (АҚШ),
- Франкфурт (Германия),
- Мумбай (Үндістан),
- Токио (Жапония).
Жоба бойынша қоғамдық талқылау 19 ақпанға дейін жалғасады.
Еске салсақ, көлік министрлігі биыл наурыз айынан бастап Қазақстанда Вьетнамға, Қытайға және Египетке жаңа рейстер ашылатынын мәлімдеген еді.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ