Қазақстаннан Вьетнамға, Қытайға және Египетке рейс ашылады
Көлік министрлігі биыл наурыз айынан бастап Қазақстанда Вьетнамға, Қытайға және Египетке жаңа рейстер ашылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Рexels.com
2025 жылдың наурыз айынан бастап “Air Astana” әуе компаниясы Қытай мен Вьетнамға тұрақты рейстер ашпақ.
Қазақстаннан мына бағыттар бойынша ұшады:
- Алматы-Нячанг – аптасына төрт рейс;
- Астана-Нячанг – аптасына үш рейс;
- Алматы-Гуанчжоу – аптасына үш рейс;
Көктем-жаз маусымы бастала салысымен мысырлық "Air Cairo" әуе компаниясы да жаңа рейстер ашуды жоспарлап отыр. Египетке аптасына бір рет Қостанай-Шарм-эль-Шейх, аптасына екі рет жиілікпен Алматы-Хургада бағыты бойынша рейстер ашылмақ.
Сондай-ақ Алматыдан Эль-Аламейнге аптасына бір реттік рейстер қайта ашылады.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”