Алматыда әуежай ішінде түкірген Қытай азаматына айыппұл салынып, рейстен шығарылды
Алматыда әуежай ішінде түкірген Қытай азаматына айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: depositphotos.com
Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімі Алматы-Шымкент бағыты бойынша ұшпақ болған жолаушыны ұстады. Полицияның мәліметінше, 34 жастағы Қытай азаматы отырғызу кезінде әуежай ішінде түкіріп, қоғамдық орынды ластаған.
Құқық бұзушы жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК (19 660 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар ол рейстен шығарылды.
Көліктегі полиция басқармасы жыл басынан бері әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін 5249 құқық бұзушы, оның ішінде 499-ы қоғамдық аумақтарды ластағаны үшін жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Астана әуежайында ер адам FlyArystan бортсерігіне шабуыл жасағаны туралы жазған едік.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды