Қазақстан 2025 жылы астротуризм бойынша трендке айналатын бағыт болмақ
Euronews басылымы 2025 жылы болатын туризм трендтерін жариялады. Бұл тізімде астротуризм мен ғарыштық саяхаттың басты бағыттарының бірі ретінде Қазақстан кірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: 2gis.kz
Euronews-тің мәліметінше, алдағы жылы саяхатшылар аспан құбылыстарын анық көру үшін қолайлы орындарды іздейді.
"Зерттеуде Қазақстанның кең далалары мен шалғай өңірлері көрсетілген. Бұл жерлер жарықпен ластанбаған және мұндай орын саяхатқа ең тиімді таңдау. Біздің елдің түнгі пейзаждары жұлдызды аспан құбылыстарына әуес жандар үшін ерекше мүмкіндіктер ұсынады", — делінген мәтінде.
“Kazakh Tourism” де астротуризмді дамыту үшін арнайы инфрақұрылым құру бойынша жұмыс істеп жатқанын жеткізді.
"Біз табиғи мұрамыздың осы бірегей аспектісін насихаттаймыз және ғарышпен ерекше байланыс іздейтін шетелдік туристерді тартамыз. Бұған кәсіби астрономдармен шолу нүктелері мен экскурсияларды ұйымдастыру кіреді. Бүгінде туристер экологиялық тұрақты әрі анық бағыттарды көбірек таңдайды. Қазақстан астротуризм үшін перспективалы орынға айналады", – деді Kazakh Tourism төрағасы Қайрат Сәдуақасов.
"Түрмеде отырған баламды тағы 9 жылға соттап жіберді": Түркістандық ата-ана баласына жазықсыз жала жабылғанын айтып, Тоқаевтан араша сұрады