Британиялық музыкант Элтон Джон көру қабілетінен айырылғанын мәлімдеді
Британиялық музыкант сэр Элтон Джон көру қабілетінен айырылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pagesix.com
Элтон Джон Лондондағы "Дьявол носит Prada" мюзиклінің премьерасына қатысқанымен, сахнадағы қойылымды көрмегенін айтты.
1 желтоқсанда 77 жастағы музыкант Лондонның Вест-Энд аймағындағы Доминион театрында өнер көрсетті.
"Маған оны тыңдаған қнады. Бұл кеште бәрі жақсы естілді", – деді ол.
Dominion театрындағы гала-концерт ЖИТС-пен күресетін қорды қолдау үшін ұйымдастырылған.
Кеш қонақтары арасында Vogue журналының америкалық басылымының бас редакторы Анна Винтур, актриса Лили Коллинз, сәнгер Донателла Версаче сынды танымал тұлғалар болды.
Элтон Джон қыркүйек айында көз инфекциясынан зардап шеккеннен кейін көру қабілетінен жартылай айырылғанын айтты. Оның айтуынша, ол инфекцияны шілде айында Францияда жұқтырған. Содан кейін оның оң көзі іс жүзінде көрмей қалған. Ал сол жақ көзі жартылай ғана көрмейді.
"Емделіп жатырмын. Бірақ бұл өте баяу процесс. Көру қабілметім қалпына келгенше біраз уақыт қажет", – деді Элтон Джон Instagram-дағы жазбасында.
Сонымен қатар музыкант қамқорлық танытып, қолдау білдірген отбасы мен дәрігерлерге алғыс білдірді.
Қараша айында Элтон Джон ABC арнасына берген сұхбатында ауырғанына төрт ай өтсе де, көру қабілеті қалпына келмегенін айтты.
“Сол көзім сау болса да, жағдайы жақсы емес. Көру мәселесіне байланысты жаңа альбомдағы жұмысымды да аяқтай алмадым”, – деді ол.
Дегенмен музыкант ауруы туралы дәрігерлердің болжамын айтпады.
1 желтоқсанда Dominion сахнасында өнер көрсеткен музыкант 62 жастағы күйеуі Дэвид Фурнишке қолдау көрсеткені үшін алғыс айты.
Элтон Джон жолдасы екеуі суррогат аналар арқылы дүниеге келген екі ұл – 13 жастағы Захари мен 11 жасар Ильясты тәрбиелеп отыр.
Соңғы жылдары Элтон Джон бірнеше рет ауруханаға түскен. Өткен тамыз айында ол Ниццадағы вилласында құлап, емханаға жеткізілген.
Үш жыл бұрын музыкант құлау салдарынан жамбас жарақатын алған. Содан кейін Farewell Yellow Brick Road турын 2021 жылдан 2023 жылға шегеруге мәжбүр болды.
2017 жылы сэр Элтон Джон екі күн реанимацияда және бір аптадан астам ауруханада болды. Оның менеджерлерінің айтуынша, музыканттың ауруханаға түсу себебі Латын Америкасына жасаған гастрольдік сапарда алған инфекциясы себеп болған. Содан кейін музыкант Лас-Вегас пен Калифорниядағы тоғыз концертінен бас тартуға мәжбүр болды.
Сэр Элтон өз мансабында 80-нен астам елде 4 мыңнан астам концерт берді.
Оның 31 платина және 38 алтын альбомы бар. Оның 1997 жылы шыққан Candle in the Wind синглы музыка индустриясы тарихындағы ең көп сатылған сингл болды.
Осы жылдың қаңтар айында Элтон Джон "Elton Live: Dodger Stadium-нан қоштасу" телебағдарламасы үшін Эмми сыйлығымен марапатталды. Сэр Элтон үшін бұл сыйлық ерекше маңызды болды.
Бұл жетістікке тарихта Элтон Джоннан басқа 18 адам жеткен. Олардың арасында актриса Одри Хепберн, режиссер, актер және продюсер Мел Брукс, актриса Вупи Голдберг, композитор Эндрю Ллойд Уэббер және музыкант Джон Ледженд бар.