Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу облысында әкімдер мен директорлар мүгедектігі барлар мен көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақыны жымқырған

Жетісу облысында ауыл әкімдері мен директорлары мүгедектігі бар адамдар мен көпбалалы аналарға берілетін міндетті төлем сомасын заңсыз ұстап отырған. Осылайша олар 5 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Прокуратураның мәліметінше, ауылдық округ әкімдері мен мектеп директорлары адамдардың "Алтын алқа", "Күміс алқа", "Ана даңқы" және басқа да марапаттарына байланысты төлемінен заңсыз ақша ұстап отырған. 

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" заңның талаптарына сәйкес азаматтардың аталған санаты үшін мұндай жарналарды мемлекет төлейді. Алайда, соған қарамастан, кейбір жұмыс берушілер тарапынан қолдауға мұқтаж 166 азаматтың жалақысынан 5,5 миллион теңгеден астам қаржы заңсыз ұсталғаны белгілі болды.



Жетісу облысы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша аталған азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, заңсыз ұсталған қаржыны қайтару рәсімі басталды. Кінәлі лауазымды тұлғалар, оның ішінде екі ауылдық округтің әкімі мен бір мектеп директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды”, – делінген хабарламада. 

Талқылау