"Аяз бен қар": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Қазгидромет еліміз бойынша 12-14 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері қар, бұрқасын және екпінді жел болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктердің айтуынша республиканың барлық дерлік аумағында тұрақсыз ауа райы болып, қар жауады.
Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар мен жаңбыр болжанды. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында қарлы бұрқасын, көктайғақ болады. Елдің басым бөлігінде екпінді жел соғады. 12 қарашада Шығыс Қазақстан облысында, 12-13 қарашада республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қалы қар жауады.
13 қарашада Қазақстанның оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанып отыр. Тек 14 қарашада елдің батысында, оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Батыс облыстарында ауа температурасының түнде 0, -11 градустан 8, -3 градусқа дейін көтеріледі. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығындағы өңірлерде түнде 8-18-градустан 3-15 градус аязға дейін, күндіз 5-12-градустан 0-8 градус аязға дейін болады.
Республиканың шығысында 13 қарашада ауа температурасы түнде 10, -25 градус аязға дейін, күндіз 5, -16 градус болады. 14 қарашада түнде 7, -20 градус аязға дейін, күндіз градус 2, -13 аязға дейін болады.
Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасының біртіндеп төмендеуі болжанды.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты