Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында 13 жастағы қызды екі ағасы алты жылдан бері зорлап келген

Жамбыл облысында 13 жастағы қызды екі ағасы ұзақ уақыт бойы зорлап келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жағдайға Жамбыл облысының полиция департаменті түсініктеме берді.

"ҚР Қылмыстық кодексінің "Жас баланы зорлау” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар екі күдікті анықталды. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері жедел түрде бір күдіктіні құрықтап, қамауға алды", – делінген ведомство хабарламасында.

Екінші күдіктіге іздеу жарияланды, оны ұстау үшін барлық қажетті шаралар қолданылуда.


Қыз зорлау ісі бойынша ақталып шыққан блогер қайта сотталды


Сондай-ақ, оқушы қыздың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін мектеп қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қазір жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Сондай-ақ балалар омбудсмені Динара Зәкиева жағдайдың мән-жайын айтты.

“Полиция басқармасымен бірге 6 жыл бойы екі ағасынан зорлық көрген 13 жастағы қыздың ісімен айналысып жатырмыз. Қылмыстық іс қозғалып, қыз бен оның анасы қауіпсіз жерге жеткізіліп, барлық қажетті көмек көрсетілуде. Облыс әкімінің орынбасары өткізген комиссия отырысының қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасарына, мектеп директорына шара қолданылды. Бұл ауылдағы жалғыз мектеп. Қыз психолог жүргізген сауалнамада белгі берген. Бірақ тиімті жұмыс жүргізілмеген. Мен немқұрайлылық танытқан шенеуніктерді жауапқа тарту үшін прокуратураға хабарластым", – деп түсіндірді балалар омбудсмені Динара Зәкиева.

Еске салсақ, осыған дейін Amanat партиясының бұрынғы мүшесі бала зорлау ісі бойынша 2 айға қамауға алынғанын жазғанбыз.

Талқылау