Amanat партиясының бұрынғы мүшесі бала зорлау ісі бойынша 2 айға қамауға алынды
Amanat партиясының Ақсу аудандық филиалының бұрынғы басшысы Серікқан Жақыпов бала зорлау ісі бойынша екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Gov.kz
Жетісу облыстық сотының мәліметінше, Ақсу аудандық сотының 2024 жылы 20 тамыздағы ұйғарымымен Жақыпов қамауға алынды.
“Ж.-ға қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", – делінген сот хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін Amanat партиясы Ақсу аудандық филиалының басшысы Жақыпов Серікқан жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінген еді. Мәлімет бойынша, сараптама 7 жасар балаға күш қолдану фактісін растаған. Баланың анасы Ақсу аудандық ішкі істер бөліміне арыз жазған.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын