Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мас әйелді мақтама": Алмат Сақатов Мақпал Жүнісоваға араша түсіп, халықтан сөз естіді

Танымал актер Алмат Сақатов видеосымен қоғамды шулатқан Мақпал Жүнісованы қолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Театр майталманы елдің ерке қызының тағдырын сөз етпеуді ескертті. 

“Мақпал Жүнісова туралы не айтасыз дейді. Не айта аламын?! Ол кісінің көтерген жүгін сен көтере алмайсың?! Ол кісінің көргенін сен көрген жоқсың. Қазақтың ерке қызы, еркелеп әңгіме айтқан шығар?! Біз сөгетіндей, оны талқылайтындай кімбіз?! Ертең дүниеден өтіп келсе, мақтайсыңдар. Сондықтан да қандай адам болса да, өнерде үлкен орны бар. Қазақ деген кезде ішкен асын жерге қоятын мықты қазақтың қызы. Өте мықты адам”, – деді актер.



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, халық әртісінің масаң күйде ел алдына шыққанынын талқылап жатыр. 

“Мақпал өлең айтқаннан басқа, не істепті?!”, “Мас әйелді мақтама”, “Әншілердің бәрі – ерке. Төреғали – Ұлы дала баласы, Мақпал – ерке қыз”, “Мас күйінде эфирге шығу – мықтылық па?”, “Ішкені – алдында, ішпегені – артында. Оныкі – асқандық”, – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, халық әртісі бір литр қымыз ішіп, халыққа өкпе-ренішін айтқан еді. 

@sakatovalmat

 

♬ оригинальный звук - Алмат Сақатов
Талқылау