Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық қоғам белсенділері инфляция деңгейінің төмендеуіне үкіметті кінәлап, зейнетақы төлемін қайта қарауды талап етті

Желіде бір топ қазақстандық жұртты “Лайықты зейнетақы төлемі үшін” тақырыбында жариялаған петицияға қол қоюға шақырды. Айтуларынша зейнетақының қазіргі мөлшері инфляцияға сай емес және өмір сүруге жеткіліксіз. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото желі кадрларынан

Өзгелерді петицияға қол қоюға шақырған бір топ адамның видеосы TikTok желісінде тарады.

“Жыл сайын уәкілетті мемлекеттік органдар инфляция деңгейінің 5-7%-дан аспағаны туралы ақпарат береді. Ал Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда орташа жалақы 400 мың теңгеден асқаны туралы көрінеу жалған ақпарат жариялады.

Алайда қандай да бір себептермен негізгі азық-түлік: сүт өнімдері 50%, ет 30%, нан 50% қымбаттады. Коммуналдық қызметтерге тарифтер көтерілді. Сағат белдеуінің ауысуы электр энергиясын көп пайдалануға әкелсе де, электр энергиясы 10%, газ 60%, қоқысты шығару 30%, жылыту 15% өсті”, – деді азаматтар.

Одан бөлек, үндеу жасаушылар инфляцияның да өсу пайызы қате көрсетілген деп шағымданды.

“Алматыда қоғамдық жол жүру құны бір жылда екі рет өсті. 1 қазаннан бастап, темір жол билеттерінің құнын 20% көтермек. Әуе билеттерінің құны тіптен шарықтап тұр. Интернет пен ұялы байланыс қызметтері де қымбаттады.

Инфляцияның 5-7% өскені туралы ақпарат жалған. Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер құны бұған сай келмейді. Зейнетақы мөлшері инфляция көлемінен аз. Бұл зейнеткерлердің, халықтың әлеуметтік осал топтарының өмірін қиындатып жатыр. Ең қынжылтарлығы, зейнетақы қорындағы қаражат бұл салаға қатысы жоқ басқа мақсаттарға жұмсалып жатқаны. Бұл халықты тонаумен бірдей! Құрметті қазақстандықтар, барлығының туыстары, көршілері, көпбалалы отбасы мен ерекше қажеттігі бар таныстары бар. Біз өзіміздің құқығымызды қорғап, күресуіміз үшін 50 мың қол жинауымыз керек. Сондықтан әріптестер мен достарды барша халықты лайықты зенетақы көлемі петициясына қол қоюға шақырамыз”, – деді жұртшылық. 

Қазір epetition.kz сайтындағы петицияға 1790 адам қол қойған. 

Фото: epetition.kz  сайтынан скринделген

@gaziz0480

 

♬ оригинальный звук - Газиз Рахымжан
Талқылау