Ұшаққа кешігіп келген: FlyArystan жолаушылары Алматы әуежайында бүлік шығарды (видео)
Ұшаққа кешігіп келген FlyArystan әуе компаниясының жолаушылары Алматы әуежайының техникасын қиратты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан жолаушылардың рейске тіркеу орнын қоршап тұрғанын, кейбіреулердің айқайлап, құрал-жабдықтарды сындырып жатқанын көруге болады.
"19 тамыз күні Алматы әуежайында FlyArystan әуе компаниясының жолаушыларымен келеңсіз оқиға болды. SMS-хабарламадағы қатенің салдарынан жолаушылар KC 7053 рейсіне кешігіп қалған. Сол себепті жолаушылар әуежайда тәртіпсіздік тудырып, әуежай мүлкін бұзып, авиакомпания қызметкерлеріне заттарды лақтырған. Әуе компаниясы өз қатесін мойындап, келтірілген шығынды өтеп берді", – делінген желідегі видеоның сипаттамасында.
Air Astana жолаушысы ұшақта тұншығып қала жаздаған: Оның үстінен бұзақылық жасады деп іс қозғалды
FlyArystan әуе компаниясы видеоға қатысты пікір білдірді.
"Бейнежазбадағы жолаушылармен болған жанжал шешіліп, олар келесі рейстермен Астанаға аттанды. Алайда әуекомпания жолаушылардың деструктивті мінез-құлық үшін жауапкершілікке тартылатынын ескертеді", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін FlyArystan әуекомпаниясы 12 жасар қызды бортқа мінгізбей, жалғыз өзін өзге қалада тастап кеткені туралы жазған едік.